Skip to Content

Жуынатын бөлмедегі жалпы қателіктер және оларды жоюдың әдісі

Жуынатын бөлмені ренновациялау жұмыстары көңілді, креативті жоба болуы мүмкін, алайда басқаша айтсақ, кемшіліктерге толы шаршататын процесс болады. Су ағып жатқан душтар, судан қорғау және тіпті сіз таңдайтын түстер схемасы маңызды шешім болып табылады. Кеңістікті жасайсыз және қайта анықтайсыз, мейлі ол қаншалықты кішкентай болса да, өзіңіздің жеке пайдалануыңыз үшін, сондықтан жеке қажеттіліктеріңізге сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар, реновациялық процесс барысыда жасалған көптеген өзгерістерді ескеру, көп жағдайда, ұзақ уақытты алады, сондықтан маңызды шешім жуынатын бөлмедегі бірнеше жалпы кемішілктерді болыдрмау үшін қажет.

Реновациялық жобаны бастау алдында

Олар айтады, алдын алу ең жақсы әдіс. Сондықтан, жуынатын бөлмеде реновациялық немесе құрылыс жұмысын бастау алдында, орындалуы тиіс арнайы процесті ескеретін бірнеше тармақтар бар.

  • Кеңістіктің қалай көрінуін қалайтыныңызға сәйкес сізде көрініс болуы тиіс. Жалпы алдын ала жоспарлау процесі оңайырақ болады, егер нені қалайтыныңызды және оның қалай болуын қалайтыныңызды білсеңіз.
  • Алдын ала бюджетті есептеп қою керек. Бұл осы тапсырмаға арналған шығындарға бар ресуртарды бағыттайды.
  • Сондай-ақ осы жоба бойынша кеңінен іздестіру қажет, мысалы, ұзын жұмыс үстеліне немесе сізге ұнайтын ванна үстеліне арналған материалдар туралы. Сонымен қатар бастапқы жобадан аздап өзгерту қажет болса, жаңа идеяларды да қарастырыңыз.

Дұрыс жарықтандыру құралын таңдау

Жуынатын бөлмеде боянатын немесе сол жерде қырынатын адамдар үшін, жақсы жарықтандыру қуатын да ескеру айдан анық. Ол сондай-ақ интерьер дизайнерлері беретін ең маңызды кеңес: ең күшті жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етіңіз. Жарықтандыру төбеге шам құрылымдарының жүктерін орнату дегенді білдіріп қоймайды. Күнделікті өмірде нарыққа келетін инновациялық өнімдермен, қазіргі таңда қолданып көретін шам құрылымдарының бірнеше опциялары бар. Сондай-ақ үлкен терезелерден түсетін табиғи күн сәулесі орындалатын арман, бірақ жуынатын бөлмедегі кеңістіктердің барлық түріне қолданылмауы мүмкін, әсіресе жеке сұраулларға сәйкес орында. Қайта модельдеушілер келесі опциялардан мынаны таңдай алады: бояну және айна қасына орнатылуы тиіс мақсатында жарықтандыру тапсырмасы, жуынатын бөлмеде арнайы кеңістікке назар аударту қажет болса өте керемет үйлесетін, бағытталған жарықтандыру және соңғысы, қатысты жарықтандыру, көңіл-күйге байланысты реттеуге болады. Осылардың бірнешеуін жуынатын бөлмеге бір мезгілде орнатуға болады.

Су өткізбейтін болуы тиіс

Су өткізбеу қайта модельдеушілердің ең маңызды тапсырмасының бірі. Қандай да бір қателік қалтаңыздың шығындалуына әкелуімен қатар, үйдегі басқа бөлмелерге де зиян келтіреді; әсіресе, жуынатын бөлменің астындағы басқа бөлмелерге қатысты жағдайда. Осы шешімді реттеудің ең тиімді жолы жуынатын бөлменің барлық жерінде мембрананы пайдалану. Бұл кез келген ағуларды болдырмайды және жуынатын бөлме қабырғасының бояуын ұзақ уақытқа орнында сақтайды.

Сақтау орнының жетіспеуі

Ешкім жуынатын бөлмеде шаш тарақтары қол жуғыш шұңғылда және сүлгілер еденде жайылып жатуы арқылы шашылып жатқанын ұнатпайды. Бұл антигигиеналық және көзбен көргенге де ыңғайсыз көрініс болып табылады. Сондықтан ренновациялық жоба барысында жуынатын бөлмеде жеткілікті бос орын жасау маңызды. Дәрі-дәрмектерді, электрондық қолданбаларды, боянатын заттарды, туалеттік заттарды және басқа да жуынатын маңызды заттарды сақтау үшін сәйкес шкафтың болуы маңызды; кез келген уақытта пайдалануға болатын және шомылу алдында бір бөлмеден екінші бөлмеге барып жинамас үшін. Алайда, жуынатын бөлмедегі бос орын шектеулі болған жағдайда, сақтау орындарын жасау барысында аздап креативтірек болуыңыз тиіс. Мүмкін айналар артына шкафтарды жасыру немесе қоқыстарды жасыратын қабырға ішіндегі сөрелерді орнату тамаша айла. Сақтау орнын жасау үшін, жуынатын бөлме есігінің жоғарғы жағы, бекітілген қол жуғыш асты немесе душ пердесі бойы сияқты қалыптан тыс кеңістіктерді пайдалану да керемет әдіс.

Кәсіби кеңес

Біздің көбісіміз реноваицялық жобаның талаптарын бағаламаймыз және оны жүзеге асыру алдында кәсіби дизайнердің кеңесіне жүгінбейміз. Ол қосымша шығындалғымыз келмегіндіктен немесе оны өзіміз жасай аламыз деп сенгендіктен болар. Алайда, жоба қаншалықты оңай болса да, сіз көрмейтін жуынатын бөлме кеңістігі функционалды болуы үшін маман кеңесіне жүгіну қажет. Кейде біз ойлаймыз, нақты жүзеге асрыу тәжірибеде кездеспеуі мүмкін деп. Кәсіби дизайнер еденді жоспаралаған кезде көмектесуі мүмкін және дұрыс материалды немесе басқа құрылымдарды қай жерден алуға болатыны туралы кеңес беретін ең пайдалы адам болуы мүмкін. Осыған қосымша, ол(лар) шамадан тыс шығындарды үнемдеу үшін ойларын ұсыну арқылы көмектесуі мүмкін.

Желдету

Жуынатын бөлмеде желдеткіштің маңыздылығын жиі ұмытамыз. Ыстық душтан соң, әсіресе терезелер жабық болған кзеде, кішкентай жуынатын бөлмеде аздап ыңғайсыз сезінуіңіз мүмкін екеніңізді ұмытпаңыз. Бұл желдеткіштің жеткіліксіз болуына және жоғары деңгейлі ылғалдылыққа байланысты болуы мүмкін, ол шомылу уақытын сіз үшін қиындатады, бірақ сәйкесінше қабырға бояларын да зақымдайды. Бұған қосымша, оны қалпына келтіру қымбатқа түсетін, зеңдердің көбеюіне әкелуі мүмкін. Сондықтан міндетті түрде жуынатын бөлмеңізді тиімді желдеткішпен қамтамасыз етіңіз. Егер терезе жасау мүмкін болмаса, жарық орнына жаңсы желдеткішті қарастыру ұсынылады. Осындай жуынатын бөлмедегі жалпы қателер, жоғарыда берілгендей, қымбатқа түсіп, қалпына келтіру, ұзақ мерзімге ыңғайсыздық туғызатын, уақытыңызды да алады. Осындай сұрауларға қатысты тексеру тізімін жасау маңызды, реновациялық немесе құрылыс жобасының алдында, сізге ұнайтын және демалатын кеңістікті жасау үшін оларды барық шараларды қолданып алдын алыңыз.

Қосымша