Жуынатын бөлмені оңай қайта өзгертудің басты он идеясы. Еш қиындықсыз трансформация.
Үйлерінде бүлдіршіндері бар адамдар үшін, үй ішіндегі кез келген заттың қауіпсіз әрі қорғалған күйде қамтамасыз ету қиын екенін білуі тиіс. Үйдегі басқа орын сияқты, сондай ережелер жуынатын бөлмеде де қолданылады. Жұмыс үстелінде жатқан ыстық бұйыралағыш болса да, балалардың қолы жетпейтін жерге алып қоюды қаларсыз немесе жуынатын бөлме қарығасын бояп қойып әрі оларға тіс пастасы шашырап кетпеуін қаласаңыз, бүлдіршінге қолайлы жағдай жасау маңызды. Бүлдіршінге ешқандай қауіп төнбейтін, қауіпсіз орын болуы тиіс. Керісінше, жуынатын бөлмені балаларыңызға қолайлы болуы үшін жасайтын болсаңыз, оларды күнде таңертең оянуына және ұйықтар алдында шомылуына мотивациялайтындай бос орын болуы керектігін есте сақтауыңыз қажет.
Жуынатын бөлме, үйдегі ең кішкентай бөлмелердің бірі болуына қарамастан, бүлдіршіндер үшін қауіп төндіретін орын. Балалары бар көптеген ата-аналар өздерінің кішкентайларына арналған кішкентай қол жуғыш шұңғылды және әжетхананы орнатуы тиіс. Сондай-ақ олар көп адамдарға сүйкімді болып көрінуі мүмкін, ең болмаса балалары сәл өскенге дейін немесе оларда бос орын болмағандықтан кішкентай ванна орнына қосымша құрылымдарды орнатуды қаламауы да мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда ұзын ересек туалеттік үстел орнатып, бүлдіршінге арналған отырғыш алған жақсы тәсіл. Оны пайдаланбаған кезде шкаф қасына қойыңыз, балаңыз өскен кезде басқа біреуге бере саларсыз.
Дәл сол тәсілді әжетхана жағдайында да қолдануға болады. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндерге арналған кішкентай әжетханаларды табуға болады, оларды жуынатын бөлмеде тәжірибелік түрде көрсетуге болады, алайда ол ұзақ уақыт қолданылмайды. Стандартты өлшемдегі әжетхананы қолданған дұрыс; тіпті ұзынырақ әжетханалар да жүзеге аспайды. Сондай отырғыштарды балалар жете алуы үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар бүлдіршіндер бүлдіргіш болғандықтан, осы әжетхана бөлігін барлық уақытта таза әрі жинақы күйде ұстаңыз.
Балаңызды шомылдыруға үйретудің тиімді жолы ваннаға ойыншықтарымен түсіріп, сол уақытта ойнау. Сонымен қатар балаларыңызды ұйқытауға дайындаудың күшті әдісін үйренген соң жай табарсыз, бірақ шомылдырған соң артынан тазалап алу қорқынышты түс болуы мүмкін. Ең тиімді кеңес жуынатын бөлмеде жуынатын ойыншықтарды дұрыс сақтау. Жуынатын бөлмеңіздің стиліне толық сәйкес келетін эстетикалық себетті алыңыз немесе балаңыз үшін дәрі-дәрмек шкафындағы бір тартпаны арнаңыз. Әр шомылу алдында оларға ойыншықтарды шығаруын және оларды өздерінің арнайы сақтау орындарына қайта қоюын сұрау арқылы балаңызды жауапкершілікке үйретудің керемет әдісі. Ол(лар) өздерінің ойыншықтарын шомылып болған соң арнайы орнына қайтып қоюын білулері тиіс.
Бүлдіршіндердің жуынатын бөлмесін жасайтындар үшін, таңдайтын түске және сол жерде сақталатын аксессуарларға көбірек назар аударуы маңызды. Бейтарап түстердің орнына көңілді түсті таңдау болуы мүмкін. Ол шомылатын уақытты балаңыз үшін көңілдірек етеді. Сонымен қатар бүлдіршіндерге қолайлы аксессуарларды қосыңыз, мысалы: бэтмен суреті бар душ пердесі немесе миньон суреті бар сүлгі. Бояу және аксессуарлармен креативті шешімді қолдану маңызды, бірақ жуынатын бөлмедегі орнатылатын құрылымдардың кезегінде емес, себебі олар көбісі үшін әдетте тұрақты орнату болып табылады. Қабырға бояуын уақыт өте өзгерту қымбат болмауы мүмкін, алайда жаңа құрылымдарды орнату қымбатқа соғады. Сондықтан ұзақ мерзімге арналған, тіпті балаңыз өсіп кеткен кезде де, жаңа түрін іздеген жөн.
Жуынатын бөлмені ересектермен ортақ пайдаланған кезде бүлдіршіндер тап болатын жағдай олар үшін барлығы биік әрі үлкен. Алайда әсіресе балдар үшін қол жуғыш шұңғыл немесе әжетхана сияқты қымбат орнатылымдар жоғарыда айтылғандай тиімді емес. Оның орнына жуынатын бөлмеде бүлдіршіндерге қолайлы жағдай жасау үшін басқа кішкентай заттарды қосыңыз. Олар киімдерін іле алатындай төмен сүлгі ілгіштерді немесе тұтқаларды орнатқан дұрыс. Жуынатын бөлмедегі бос орында толық пайдаланыңыз; бекітілген қол жуғыш астындағы немесе есік болса да. Сол арнайы аймақты балаңыз үшін ыңғайлап, олардың жуынатын бөлмесінде жуынатын ойыншықтары мен сүлгілерін бір орында сақтауға болады.
Ересекке арналған жуынатын бөлмені оның дизайынан бастап бүлдіршінге ыңғайлап өзгертуді қаламауыңыз мүмкін, бірақ әлі де оны бүлдіршінге ыңғайлы орын ретінде жасағыңыз келеді. «Тісіңді тазала», «қолдарыңды жу» немесе тіпті «қайырлы таң» деген сияқты хабарлары бар түрлі-түсті өнер туындысын қолданыңыз. Бұл орынды жарқыратып қана қоймай, балаңыз үшін мәнді сабақты үйретеді.
Жуынатын бөлмені бүлдіршін үшін қолайлы етіп жасауға қосымша, балаңыз үшін қауіпсіз ету мақсатында, сәйкес қауіпсіздік шараларын қолданыңыз. Міндетті түрде есте сақтау қажет бірнеше тармақтар бар:
- Бұйралағыш үтік сияқты жуынатын бөлме қолданбаларын суырып, ұстара сияқты қауіпті құралдарды балалардың қол жетпейтін орынға алып қою
- Су температурасын тексеріп, жуынатын бөлмеде күйдіруден қорғайтын құралдарды орнату
- Балалар дәрі-дәрмек немесе боянатын заттарға қолы жетпейтіндей етіп шкафтарды құлыптау
- Балаңыз шомылу уақытында сырғанап ктепеуі үшін ваннада сырғанамайтын стикерлерді қолдану
- Шыныдан немесе басқа да сынғыш материалдардан жасалған декоративті бөлшектерді байқау
- Балаңызды жуынатын бөлмеде жалғыз қалдырмаңыз, әсіресе су ағым тұрған кезде
Бүлдіршіндер шомылған кезде бүлдіргенді және көңіл көтергенді ұнатады. Сондықтан шомылу уақытында олардың көңіл көтеруі үшін жоғарыда көрсетілген кеңестер мен тармақтарды орындап, жуынатын бөлмені бүлдіршіндер баруды қалайтын орынға айналдырыңыз.