Әр тамаша ванна бөлмесінің интерьері артында таңғажайып хош иіс тұр. Дана таңдау жасаңыз!
Біз бүгін білетін және ұнататын түріндегі әжетханалар жақын арада ойлап тапқан жаңалық болғанына қарамастан, қоғамдық және жекеменшік әжетханалар мүлде өркениет таңында пайда болған. Технология айтарлықтай көп өзгергенімен, адамның өз әжетханасын көркемдік әрі тыныштық орыны қылу құштарлығы әрқашанда болған.
Өткен жылдардың әжетхана стилистикасы Сіздің әжетханаңыздың заманауи келбетін құру үшін тамаша шабыт көзі болып табылады. Келіңіздер, түрлі замандар бойынша саяхатқа бірге аттанайық та Сіздің келесі әжетхана кейібіңізді ашайық ...
Күнделікті дәрет алу ежелгі дүние азаматтарының - әсіресе римдықтардың - мәдениетінің өте маңызды бөлігі болатын - олар өздерінің қоғамдық шомылу үйлерінде және қоғамдық әжетханаларында жайлылық пен түпнұсқалық дизайнға ерекше назар аударып отырған. Бұл қоғамдық және коммуналдық орындар болатын, мұнда азаматтар "өз істерімен айналысып отырып" саясат және бизнес туралы әңгімелесетін.
Егер Сіз қоғамдық әжетхана идеясын ойға түсіре алмай отырсаңыз, онда римдықтардың әжетханаларының жабдығындағы стилистикалық шешімдері - бізді осы күнге дейін таңғалдыра және шабыттандыра алатын жағдай. Атап айтқанда, рим заманының көркем мозаикалары заманауи, тіпті қоғамдық емес әжетханаларда, күшті әсер көрсетіп, жаңғыртылуы мүмкін.
Рим империясының құлдыраумен және ақырғы құлауымен әжетханалардың әр түрлі әбден жетілдірілген жабдығы да сол заманда қалды. Көне заманның күрделі санитарлық және сумен жабдықтау жүйелері ұмытылып кетті де жерде қазылған жабайы шұқырдан кейін пайда болған келесі технология кәдімгі түнгі ваза болды.
Осы құралдарды төсек орын астында немесе шкафтарда ғасырлар бойы сақтап жүрген адамдар, осы қарапайым құрылғыны пайдаланып, оның ішіндегісін әшейін терезеден лақтырып тастайтын. Осы процестегі жалғыз жағымды зат - құмыралардың өздері, өйткені олар кей кезде айтарлықтай бай безендірілген болатын.
Осы ескіден келе жатқан ваза әлі де заманауи ванна бөлмесінің жабдығына әдемі ерекшелік енгізе алады (оны гүл өсіретін құмыра етіп пайдаланса, тіпті екі қызмет атқаруы мүмкін). Сонымен қатар, қосалқы нұсқа ретінде, егер біздің барлық заманауи сантехникалық құрал-жабдықтарымыз істен шыққан жағдайда.
Виктория дәуіріндегі тұрғындар өз әжетханаларын қалай жақсы көретіндерін көрсеңіз! Британдықтар үшін олар олардың қуатын және озықтығын іске асырып отырды. Лондон 1851 жылы алғашқы қоғамдық әжетханаларын және әлемнің жеті кереметтерінің бірі болып есептелетін кәріз жүйесін салып, қоғамдық су құбырлары мен кәрі саласында жөн сілтеп отырды. Осы санитария саласындағы жетістіктері үшін мақтанышы әжетханаларды безендіруде өз бейнесін тапты - әрбір беделге толы үй мұқият әшекейленген құмыралармен және сәнді цистерналармен жабдықталған болатын. Бұл әжетхана көркемдігінің нағыз алтын ғасыры болатын!
Викториана баяғысынша қоғамның ауқатты топтарының әжетханаларында мол кездеседі, ол әжетхана дизайны тұрғысынан соңғы жылдары танымал өткен шаққа деген қозғалыс болып көрінеді. Бұл әжетхана бөлмесінің жиһазын оңай жаңғыртуға және осылайша 19-шы ғасырдың түпнұсқаға сай стилін жасауға мүмкіндік береді, дегенмен, абай болыңыз, мұндай дизайн Сізге қымбатқа түседі.
Әжетхана дизайны дамуының келесі кезеңі арнаның арғы жағында орын алды және қоғамға жақындау болатын. Атап айтқанда, Париж "Ар Нуво" стилінің даму орталығы болған, бұл көптеген қоғамдық ғимараттарды өңер туындыларына айландырды, олардың ішінде қоғамдық әжетханалар да болған. La Madeleine деп аталатын "тек әйелдерге арналған" әжетхана, бәлкім, осыған ең белгілі мысал болып отыр, әйтсе де француз ерлерін де мәнсіз бермей өтпеген. Париж бұрынғыдай бай әшекейленген писсуарларға толы.
Осы ерекше гүл стилі бүгін жүйелі түрде қайта өндірілетінге мүлдем ұқсамайды, және мұндай құмыралар мен ыдыстарды табу мүлдем оңай емес. Сондықтан, "Ар Нуво" стилі көбінесе тұсқағаздармен байланыстырады. Жақсы жеткізушіні тауып алыңыз, сонда Сіз бүкіл әжетхана бөлмеңізді күрделі гүл принттері бар тұсқағаздармен жабыстырып тастап өте сәнді нәрсеге жете аласыз.
"Барлықтарға лайықты баспана" - бүкіл Еуропа бойынша естілген, демократияландыруды дамытуға түрткі болған соғыстан кейінгі ұран сонымен қатар барлықтар үшін "лайықты әжетханаларды" да білдірген! Жаппай өндіру әжетхананың ішкі көріністің елесті заты болмай кеткеніне шарасыз келтіріп отырды, ал заманауи әжетхананың жабдығы оның негізін қалаушыларымен салыстырғанда айтарлықтай қарапайым болып қалды. 50-ші, 60-шы және 70-ші жылдардағы ішкі көрініс дизайнерлері осыны түсті пайдаланумен орнын толтырды. Сарғыш, жасыл және қызғылт сары немесе бояулы жолақтардың бай реңктері.
Тіпті жақында түс, бәлкім, әжетхана ішкі көрінісінің ажырамас бөлігі болудан кетті, және қазіргі әжетханалардың басым көпшілігі аппақ болып табылады. Сіздер арасындағы қандай да бір ретро-рестайлингті аңсайтындар үшін әлі де бояулы нұсқалардың бар болғаны қаншалықты мүмкін болатындай ыңғайлы.
"Заттар Интернеті" технологиялары (физикалық объекттерді Интернеттің көмегімен бақылау мүмкіндіктері) шығуымен, батыс әлемдегі әжетханалар осының жолына түсе алды, және біз бесінші нүктелерімізге жылы ауа ағыншасын ғана беретіннен басқа жоғары технологиялық функциялардың енгізілуін көре аламыз. Болашақтың ақылды унитаздары бізге тек қана зор ыңғайлылықтарды бермей, денсаулығымызды жақсартады, гигиенаны арттырады және тіпті оларға түсетіннің талдауын жүргізе алатын болады.
Нарыққа шығайын деп отырған унитаздардың соңғы үлгілерінің кейбірлері жанасусыз максималдық гигиена үшін адамның қатысуысыз толық процесті қамтамасыз етеді. Оның ішіне дауыспен белсендіру, унитаз қақпағының автоматты көтерілуі және түсірілуі, автоматты жуу және Сізден кейін унитазды тазартатын сиқырлы "таяқша"!
Бұл әлі де соңы емес. Ақылды технологиялар денсаулық сақтауға жұмсалатын миллиардтаған шығындарды қысқарта алады, және әжетханалар осы революцияда алғы позицияда тұратын секілді. Тіпті бүгін нәжіс пен несеп талдауын жүргізу бірнеше жоғары технологиялық компаниялар үшін шындық болып табылады. Диабет сияқты ауруларға талдау жүргізіледі, және Сіздің үй компьютеріңізге жіберілу мүмкін, және дәл осылайша талдау үшін медициналық қызметтер жеткізушісіне бағытталу мүмкін.
Егер Сізде жаратуға көзделген ақшаңыз көп болса, осы ақылды технологиялардың кейбірлері тіпті сату үшін де қолжетімді. Әжетхана техникасы саласында "Жол салушы" болыңыз, және сіз міндетті түрде қонақтарыңыз арасында әңгіме жүргізетін тақырыпқа және қызғаныш ортасына айналасыз.
Өз әжетханаңыз: оның өткені, қазіргі кезі және болашағы туралы қашан да бір білгіңіз келген барлық нәрселер:
Ғасырлар бойы әжетханалары бойынша біздің толық нұсқаулықты пайдаланып өткен жылдардың стильдердің ертеңгі күннің технологияларымен біріктіріңіз.